Тұрғындардың жылу және сумен қамтамасыз ету жөніндегі өтініштерін ескере отырып, Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Сәтбаев жылу және сумен жабдықтау кәсіпорнының сорғы станцияларында болды, олардың жай-күйімен және жұмысымен танысты.Рейд нәтижесінде Сәтбаев қаласының әкіміне және «СЖСЖК» ЖШС директорына сорғы станцияларының жұмысын жақсарту бойынша келесі ұсыныстар енгізілді:
$ 1. «СЖСЖК» ЖШС ғимаратында «Kazakhmys Distribution» ЖШС-нің
ЖЭС-мен қамтамасыз етілген жылумен жабдықтауды есепке алу аспаптарын орнату;
2. қазіргі заманғы автоматты температураны реттеу құрылғыларын орнату
арқылы барлық сорғы станцияларын жаңғырту;
3. сорғы станцияларының аумақтарын және оларға баратын жолдарды
абаттандыру және қоршау бойынша жұмыстарды жүргізуге;
4. Қоғамдық кеңестің қарауына «2022-2023 жылдардағы жаңа жылу беру
маусымына дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспарын» ұсыну;
5. ТҚ жаңғыртудың техникалық-экономикалық негіздемесін және
жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмысты бастау және оларды одан әрі іске асыру жолдарын іздеу;
6. сорғы станциялары мен ТП ғимараттарының техникалық жағдайына
шолу жүргізу.