Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері қаланы жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың жұмысымен танысуды жалғастырды. Осы жылдың 11 сәуірі олар «Kazakhmys Distribution» ЖШС жылу электрорталығында болды, кәсіпорын директоры А.К.Исановпен кездесті.Ол аяқталатын жылу беру маусымының қорытындыларымен, өндірілетін жылу энергиясының көлемін ұлғайту бойынша 2023 жылға арналған міндеттер мен жоспарлармен таныстырды, өйткені соңғы жылдары қаламыз кеңейіп, жылу тапшылығы байқалуда.Қоғам белсенділері қазандық цехының технологиялық процесімен танысып, қазандықты жаңғырту және оның қоршаған ортаға эмиссиясын азайту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.