А.ж. 14 сәуіріндегі қалалық Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларының отырысында 3 НҚА жобалары қаралды. «Сәтбаев қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» жобасы бойынша Ә.М.Мусина– «Kazgreenenergy» ЖШС қаржы директоры және Қ.Ү.Садыков - «СәтТазалық» ЖШС аймақтық директоры және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Н.А.Кенжеғұлов сөз сөйледі. «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Ж.Н.Данекеева «ҚР жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарлату туралы» және «Сәтбаев қаласының жерлерін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» жобаларын ұсынды. Әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін жобаларын тыңдап, талқылағаннан кейін кеңес мүшелері өз ұсыныстарын айтып, жобаларды мақұлдады.