Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде өткен Қоғамдық кеңестің отырысы «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ- нің «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» және «Жолдарды күтіп ұстау» бюджеттік бағдарламаларының орындалуын қарауға арналды. Отырысқа «Сәтбаев қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы Н.Ж.Жолдыбаев, мердігер ұйымдардың басшылары шақырылды.

Отырыс алдында кеңес мүшелері қала аумағында контейнерлік алаңдарды, рұқсат етілмеген үйінділерді, аулалар мен көшелердің тазалығын суретке түсіріп, рейд ұйымдастырды. Жиында рейд қорытындысы шығарылып, орын алған кемшіліктер айтылып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарына ұсынылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Кенжеғұловтың берген мәліметіне сәйкес, қарастырылып жатқан бағдарламалар бойынша «Сыздықов» ЖК, «Самға» ЖШС, «Бестау Адал» ЖШС, «Нығмет» ҚБ мердігер ұйымдармен келісім-шарттар жасалған, жұмыс кестелері бекітіліп, тұрақты бақылауға алынған, қалада коммуналдық қызметтің күштері жұмылдырылған көктемгі екі айлық өткізілуде. Кеңес мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға Н.Кенжеғұлов пен мердігер ұйымдардың өкілдері жауап беріп, қаланы санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мен жақсарту үшін барлық шараларды қолға алатындықтарын жеткізді.