Сәтбаев қалалық Қоғамдық кеңесінің жанында автокөлік жолдарын жөндеу сапасын бақылау жөніндегі жұмыс тобы құрылған, топ басшысы Тұрлыбек А.М. Топ құрамына Қоғамдық кеңес мүшелері Ахметов Ө.М. және Нұрпейсов Ғ.Б. кірді. 23 сәуірде олар «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ сектор меңгерушісі Д.С.Кенжетаевтың қатысуымен Ұлытау, Абай және Шаталюк көшелерінің ағымдағы жөндеу сапасына қоғамдық бақылауды жүзеге асырды, мердігер - «Дорожник» ӨК Жезқазған қ., директоры Аманов Д. Жұмыс тобының мүшелері мердігерге жұмыс барысында, атап айтқанда, жөнделген асфальт учаскесінің контурларын фрезерлеу; шұңқырлардың түбі мен қабырғаларын шаң мен кірден тазалау; шұңқырлардың түбін және қабырғаларын битум қабатымен өңдеу кезінде орын алған бірқатар кемшіліктерді көрсетті. Мониторинг нәтижелері бойынша келесі ұсыныстар берілді: 1) мердігерге – жөндеу жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін қатаң сақтау, сондай-ақ жұмыстарды жүргізу кезеңінде көлік қозғалысын жабуды ұйымдастыру;2) тапсырыс берушіге – жөндеу жұмыстарының технологиялық процесінің сақталуына бақылауды күшейту және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жұмысты дұрыс жоспарлап ұйымдастыру.