3 мамырда Қоғамдық кеңес пен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері Сәтбаев қаласының әкімі А.А. Ыдырысовпен қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізетін мердігерлік ұйымдардың басшыларымен кездесуге қатысты. Кездесу барысында мердігер ұйымдар жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.Қала әкімі жолдарды күтіп ұстау және жөндеу, алаңдарды тазалау бойынша орындалған жұмыстардың сапасына қатысты бірқатар шағымдар бар екенін атап өтіп, мердігерлерден шарттық міндеттемелерді уақтылы және сапалы орындауды талап етті.Қоғамдық кеңес мүшелері Ө.M Ахметов, А.M. Тұрлыбек, кеңес төрағасы М.С.Мәдиева қоғамдық мониторинг нәтижелерімен бөлісіп, абаттандыруды жақсарту, көшелерді, алаңдарды тазалау, Жеңіс саябағын күтіп ұстау және жолдарды жөндеу бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Отырысты қорытындылай келе, қала әкімі А.А. Ыдырысов мердігерлер барлық ескертулер мен ұсыныстарды орындауға қабылдайтынын және жауапты мемлекеттік мекемелер мен қызметтердің бақылауына алатынын атап өтті.