Ағымдағы жылғы 26 мамырда Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда екі нормативтік құқықтық актінің (НҚА) жобалары қаралды. Кездесуге Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Әубәкір Ш.M., қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук, мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ «Kaz Green Energy»ЖШС директоры В.B Сибагатулин және Қазақстандық кәсіпкерлік және қызмет көрсету қауымдастығының мүшесі Р. Биқаев қатысты.
«Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Н.А. Кенжеғұлов «Сәтбаев қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» бірінші НҚА жобасын ұсынды. Оның айтуынша, қарауға ұсынылған коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары негізінде әзірленген. Бүгінгі күні қалада қолданылып жатқан нормалар Сәтбаев қалалық мәслихатының 24.12.2014 жылғы сессиясының шешімімен қабылданған. Нормаларды әзірлеуді «Ерай-сервис» ЖШС мердігерлік ұйымы жүзеге асырды. Қаралып отырған мәселе коммуналдық қалдықтарды шығаруға, тарифтердің көтерілуімен тікелей байланысты болғандықтан, кеңес мүшелері баяндаушы мен «Kaz Green Energy» ЖШС директорына көптеген сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, В.А. Сибагатулин жиналған қауымды жер асты контейнерлерін орната отырып, қоқысты жерасты сақтауға көшу, биоэнергетика зауытын салу, сондай-ақ жұмысшылардың жалақысын көтеру бөлігіндегі жұмысты жетілдіру жөніндегі кәсіпорынның жоспарларымен таныстырды. Осының барлығы кәсіпорынға тазалық пен қаладағы қоқыстарды жинау мәселелерін жоюға мүмкіндік береді. Мәселені ұзақ талқылаудан кейін НҚА-ны қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылданды.
Екінші НҚА «Сәтбаев қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» мәліметті «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Ж.С. Сейлова ұсынды. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, 2023 жылға арналған үйлерді жөндеу жоспарын әзірлеу туралы ұсыныс жасалды, НҚА жобасы бірауыздан қолдау тапты.