2022 жылғы 21 маусымда қала әкімінің орынбасары Б.Е. Әбдрахаевтың қатысуымен Сәтбаев қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері келесі мәселелерді қарады:
1.«Жастар саясаты саласындағы шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасын іске орындалуы туралы.
2.«Тұрғын үй қорын күтіп ұстау және сақтау, кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарын енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы».
Бірінші мәселе бойынша баяндаманы жастар ресурстық орталығының (ЖРО) директоры Н.И.Камилов ұсынды. Ол қала жастарының саны 15268 адамды құрайтынын, 2022 жылы бюджеттік бағдарлама бойынша ЖРО қызметін жүзеге асыруға 4,5 млн. теңге бөлінгенін атап өтті. Орталқпен жастар арасындағы жағдай талданып, бақылау жүгізіліп отырады, жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді, бос орындар жәрмеңкелерін ұйымдастырады, маусым айынан бастап «Жасыл ел» жасағының жұмысы басталды. Қоғамдық кеңестің мүшесі А.Б. Кондратова қатысушыларды жұмыс тобының қорытындысымен таныстырып, «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММмен және мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыспен қамту, бос уақытты өткізу және бұқаралық спортпен айналысу мәселелерін шешуде, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өткізу мерзімін орындамау мәселелерінде ЖРО өзара іс-қимылы әлсіз екенін атап өтті.Мәселені талқылау барысында кеңес мүшелері Ғ.Б.Нұрпейісов, А.М.Тұрлыбек, А.Т.Әбдірашев ЖРО-ның жұмысындағы кемшіліктерді атап өтіп, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді. Қоғамдық кеңестің барлық ескертулеріне Н.И.Камилов пен ЖРО директорының орынбасары жауап берді.
Екінші мәселе бойынша «Сәтбаев қалас тұрғын үй инспекциясы» ММ басшысы Ж.С.Сейлованың есебі тыңдалды. Қалада кондоминиум объектiлерiн басқарудың жаңа нысандарын енгiзу жөнiнде белгiлi бiр жұмыстар жүргiзiлiп, 50 МИБ және 255 ЖС тiркелген.Қоғамдық кеңес мүшелері М.С. Мадиева, О.Б. Құдаспаев және құрылған МИБ шақырылған төрағалары тарапынан айтылған ұсыныстары мен ескертулеріне қала әкімінің орынбасары Б.Е.Әбдрахаев жауап берді.Осы мәселені талқылау нәтижесінде қалада МИБ қолдау орталығын құру туралы шешім қабылданды.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің тиісті ұсынымдары қабылданды.