Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

2022 жылғы 7 қыркүйекте Сәтбаев қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысында екі мәселе қаралды. Бірінші болып Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің бастығы Е.Н.Байзақовтың «2022 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы»есебі тыңдалды. Ол бөлім жұмысының басым бағыты қоғамдық тәртіпті қорғау және бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық көріністердің деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлық пен нашақорлықтың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып қалатынын атап өтті. Есепті кезеңде тіркелген қылмыстардың 15,8% - ға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 38,3% - ға өсуі байқалады. Сонымен қатар, бұрын сотталған адамдармен жасалған қылмыстардың саны 2,3% - ға, мас күйінде болған адамдардың 21.1%, отбасылық-тұрмыстық деңгейдегі қылмыстар 33.3% төмендегені байқалады.Полиция бөлімінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 3389 әкімшілік хаттама толықтырылды, оның ішінде 2047 - жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін.Баяндамадан кейін Е.Н.Байзақов Қоғамдық кеңес мүшелерінің учаскелік инспекторлардың қызметіне, бөлімді кәсіби кадрлармен жасақтауға, қалада орнатылған бейнебақылау камералары арқылы жасалған қылмыстарды бақылауға, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлім» ММ басшысы З.Ж.Дауымбаевтың ақпараты тыңдалды.Ол қаладағы бұқаралық спортты дамытудың негізгі бағыттарына тоқталып, өткізілген қалалық іс-шаралар мен халықты дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылдануын барынша қамту бойынша насихаттау және тәрбие шараларын өткізу және «Юность» стадионын қайта құру жөніндегі бөлім алдында тұрған міндеттерді атап өтті.Құрылыс бөлімінің басшысы Н.С.Сүттібаева осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, стадионды қайта жаңарту аяқталатынын және жақын арада пайдалануға берілетінін атап өтті.

Есептерді қарау және талқылау қорытындылары бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.