Екі нормативтік-құқықтық актілердің (НҚА) жобалары және «Юность» стадионын қайта құру» бюджеттік бағдарламасын орындау» мәселесі М.Мәдиеваның төрағалығымен Қоғамдық кеңестің 20 қыркүйекте «AMANAT» партиясыны мәжіліс залында өткен отырысында қаралды.
Қала тұрғындары үшін маңызды «Сәтбаев қаласы бойынша тұрғындар үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» жобасы бойныша «ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Н.А.Кенжеғұловтың ақпараты тыңдалды, сондай-ақ, кеңес мүшелері алдында «Kaz Green Energy» ЖШС қаржы басшысы А.М.Мусина сөз сөйледі.Ол тарифті есептеу нұсқаларының жобаларын ұсынды. Белсенді талқылаудан және кеңес мүшелерінің бірқатар ескертулерінен кейін аталған НҚА-ны пысықтауға жіберу туралы шешім қабылданды.«Сәтбаев қаласы әкімінің 2018 жылғы 9 қарашадағы №1 Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу» туралы НҚА жобасы бірауыздан қолдау тапты.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша «Юность» стадионын қайта құру» бюджеттік бағдарламасын орындалуы туралы ақпаратты «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Н.С.Суттибаева және «Самат-Мұнай» ЖШС бас мердігері С.К.Алмаганбетов ұсынды.Қазіргі уақытта жобаның дайындығы 80%-ды құрайды, жүгіру жолын жабу, блокты-модульді ғимараттарды, контейнерлерді, мінбелерді орнату бойынша жұмыстар орындалды.Мінбелердің орындықтарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.Кеңес мүшелері жұмыстардың орындалу сапасына қатысты өз наразылықтарын білдіріп, ұсыныстар берді. Мердігерлермен ұсыныстар қабылданып және жұмыста ескерілетінін сендірді.