Қоғамдық кеңес мүшелері жылу маусымына дайындық бойынша іс-шаралардың орындалуына, атап айтқанда жылу желілерін сығымдау және гидравликалық жуу, жылу сорғы станцияларының дайындығына мониторингті жалғастырды.
А.ж. 30 қыркүйегінде олар қаланың жылу сорғы станцияларында болды. «СЖСЖК» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы А.С. Убайдильдинов 48 соңғы, яғни проблемалық үйлердің жылу жүйесіне қосымша компрессормен гидропневматикалық жуу жүргізілгенін, магисталь желілерін жуу жұмыстары аяқталғанын айтып, станциялардағы жұмыс барысымен таныстырды.
А. ж. сәуір айында айтылған мүшелердің ескертулеріне сәйкес жылу сорғы станцияларында жабдықтарды жөндеу және сырлау жүргізілді, температуралық режимді есепке алудың электрондық аспаптары орнатылды, нөлдік станцияда 4 –ші резервтік сорғы сатып алынып орнатылды. Алайда, осы кейбір учаскелерде құбырлардың жылу оқшаулауын қалпына келтіру жұмыстары талап етіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша кеңес мүшелері бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтылып, қала әкімінің атына ұсыныстар жолданды.