Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Қоғамдық кеңестің а.ж. 20 қазанда өткен отырысының күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:

1.      Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру туралы. Баяндаушылар:

Қ.Б.Ашықбаев - «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ басшысы .

2. «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасын іске асыру туралы. Баяндаушы: Н.А.Кенжегулов - «Сәтбаев қаласының ТКШ, ЖК, АТ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы.

3.Қоғамдық кеңес мүшелеріншығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы.

«Жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы Қ.Б.Ашықбаевтың ақпараты бойынша бүгінгі таңда жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде 417 адам тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8% аз. Оның ішінде уақытша жұмысқа 241 адам, «Бастау Бизнес» оқуына - 65 адам, қайта даярлау курстарына -36 адам жіберілді. Жыл басынан бері 1497 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.Қоғамдық кеңестің мүшесі А.Б. Кондратова азаматтарға электрондық қызмет көрсету бойынша бөлімнің оң жұмысын атап өтті, бірақ бөліммен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтер талап етілмейді.

Екінші мәселе бойынша Н.Кенжеғұлов автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау бойынша ақпарат берді. Ағымдағы жылы аталған жұмыстарды орындауға «Дельфи» ЖШС-мен шағын ауданаралық және жеке сектор жолдарын күтіп ұстау бойынша, «Самға» ЖШС орталық көшелер жолдарын күтіп ұстау бойынша, «Дорожник» ӨК жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша шарттар жасалды.Кеңес мүшелері ағымдағы жөндеу жұмыстарына және жолдарды күтіп ұстауға арналған тендерлерді кеш жарияланатынын бұл осы жұмыстардың уақтылы орындалмауына әкелетіні туралы, техниканың қысқы кезеңге дайындығы мен жұмыстардың сапалы орындалуы туралы мәселелерді көтерді.Қаралған мәселелер бойынша бөлімдерге тиісті ұсыныстар берілді.

Келесі мәселеҚоғамдық кеңестің шығып қалғандарының орындарына жаңа мүше сайлау туралы болды.ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабының 9-тармағына сәйкес кеңес құрамына «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесі» ҚБ басшысы А.Т.Мұлақов сайланды.