Қалалық Қоғамдық кеңес өз жұмысын «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына және 2022 жылға бекітілген жоспарына сәйкес жүргізді.
Қоғамдық кеңестің жанында 3 комиссия құрылған: бюджет, экономикалық сала және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі комиссия, төрағасы Ө.М.Ахметов,әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп және жемқорлыққа қарсы
мәселелері жөніндегі комиссия, төрағасы Ғ.Б.Нұрпейсов, коммуналдық сала мәселелері жөніндегі комиссия, төрағасы А.М.Тұрлыбек.Қоғамдық кеңес өз жұмысы барысында бірлескен рейдтер, мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын органдар мен мердігер ұйымдардың басшыларын отырыстарға шақыру, қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын іске асырды.
Есепті кезеңде кеңестің 11 отырысы өткізіліп, онда 15 мәселе қаралды. Атап өтсек: «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің АХАТ бөлімімен мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасы туралы»;«Бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту секциялардың ұлғаю динамикасы, халық санаттарын қамту туралы», «Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру туралы»,«Қаланың денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары туралы».
5 мемлекеттік мекеме басшыларының баяндамалары тыңдалды:«Сәтбаев қаласының ТКШ, ЖК, АТ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ -«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету», «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; «Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ - «Жастар саясаты саласындағы шараларды іске асыру», «Сәтбаев қаласы тұрғын үй инспекциясы» ММ басшысы» - «Тұрғын үй қорын күтіп ұстау және сақтау, кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарын енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, «Сәтбаев қаласы құрылыс бөлімі» ММ - «Юность» стадионын қайта құру» бюджеттік бағдарламаларын іске асыру туралы және «2022 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы» Сәтбаев қаласы полиция бөлімі бастығының есебі қаралды.
Есептерді тыңдау барысында Қоғамдық кеңес 30 ұсыныс енгізді, оның 19 орындалды, 11 шешу барысында.
ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 18-бабына сәйкес Қоғамдық кеңестер бақылауды қоғамдық тыңдау рәсімі арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық бақылаудың негізгі нысандары: қоғамдық мониторинг; қоғамдық тыңдау; қоғамдық сараптама.
2022 жыл ішінде Қоғамдық кеңес қалалық ықшам аудандарды абаттандыруды, жолдарды жөндеу мен тексеру, қала шетіндегі рұқсат етілмеген үйінділердің болуы мен жойылуын, жылу сорғы станцияларының қыс мезгілінде жұмыс істеуге дайындығын, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және т.б. мәселелер бойынша бақылау жүргізді.
Жұмыс топтардың құрамы кеңес отырысында бекітіліп, жұмыстың ыңғайлылығы үшін мониторинг жүргізу нысандары әзірленді. Мониторинг барысында туындаған ескертулер мен ұсыныстар жауапты бөлімдерге және қала әкімдігіне жазбаша түрде жеткізіліп, мердігерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін шақырумен орнында шешілді.
Қоғамдық кеңесітің қарауына ұсынылған НҚА (нормативтік құқықтық актілер) қоғамдық сараптама жүргізіледі.Өткен кезеңде 48 нормативтік құқықтық акт қаралып, олар бойынша Қоғамдық кеңестің 10 ұсынысы енгізілді, оларды мемлекеттік органдар қабылдады.
Есептік кезеңде Қоғамдық кеңес мүшелері қала тұрғындарын алаңдататын мәселелерді жеке қарады:
- жылу беру маусымының өту мәселелері
- қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері
- «Сат Тазалық» ЖШС қызметі туралы
Жылу беру маусымынан өту мәселесіндегі проблемалармен танысу үшін а.ж. сәуір айында Қоғамдық кеңес мүшелері «Kazakhmys Distribution» ЖШС жылу электрорталығында болды, оның қорытындысы бойынша «Kazakhmys Distribution» ЖШС бас директоры Н.Б. Сағындыққа және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының бірінші орынбасары А.П. Гайдинге тиісті хаттар жолданды. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығының жауабынан қазандықтарды уақтылы жөндеу және кәсіпорынды сапалы көмірмен және мазутпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды.
Жыл бойы кеңес мүшелері Сәтбаевтағы экологиялық жағдайды жақсарту мәселелерін шешуге, «Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны» ЖШС қоғамдық тыңдауларына белсене қатысты.Ағымдағы жылдың тамыз айында Қоғамдық кеңес Қарағанды облысының Экология департаментіне қаладағы экологиялық жағдайға 3 БФ қалдық қоймасының әсерін тексеру туралы өтініш жолдады.«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС тексеру нәтижелері бойынша қалдық қойманың аумағын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданған.
Сондай-ақ, «Сәт Тазалық» ЖШС Сәтбаев қаласындағы тұрғын үйлерді күтіп-ұстау жөніндегі қызметі туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, отырыстабарлық мәселелер шешілмесе де, дегенімен қоғам белсенділері мен «Сәт Тазалық» ЖШС басшылығы арасындағы сындарлы диалог құруына септігін тигізді.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің қалалық полиция қызметкерлерімен кездесуі өтті, оның қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді.
Қоғамдық кеңестің төрағасы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Қоғамдық кеңеске 8 ауызша өтініш келіп түсті, оларға ҚР Заңнамасы бойынша түсініктеме беріліп, шешімін тапты.
Қоғамдық кеңестін атқарған жұмыстары қалалық «Ақшам» телеарнасымен көрсетілді, есепті кезеңде 9 бейнесюжет шықты, «Шарайна» газетінің беттерінде 4 материал жарияланды.Сондай-ақ, Facebook әлеуметтік желісінде парақша ашылды, Сәтбаев қаласы мәслихаттының және әкімдігінің интернет-ресурстарында «Қоғамдық кеңес» қойындысы бар, есептік кезеңде онда 24 материал орналастырылған.
Сәтбаев қаласының
Қоғамдық кеңес төрағасы М.Мәдиева