ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады.
Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
Жұмыс тобының мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін кандидаттар мынадай құжаттар ұсынады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгілері қоса беріледі);
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (үлгі қоса беріледі);
3) жеке куәлігінің, білімі туралы дипломының көшірмелері;
4) 4х6 фотосурет – 1 дана.
Жұмыс тобының мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсқа құжаттар тапсыру мерзімі: 2016 жылғы 29 қаңтардан бастап 2016 жылғы 7 ақпанға дейін.
Құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Сәтбаев қаласы, Академик Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ, № 35 кабинет.
«Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ