1. Кіріспе бөлігі
Талдау жүргізуге Сәтбаев қалалық мәслихатының келесі шешімдері жатады:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 480 «Сәтбаев қаласында бейбіт жиналыстар, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орнын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-49 болып тіркелген);
2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 417 «Салық салу объектісі бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-122 болып тіркелген);
3. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 25 «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Сәтбаев қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық ставканы ұлғайту мақсатында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-137 болып тіркелген);
4. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 130 «Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимі бойынша аумақтарды айқындай отырып, Сәтбаев қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2323 болып тіркелген);
5. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 189 «Автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, салық салу мақсаты үшін жер салығының базалық ставкасын түзетумен жерлерді өңірлерге бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2479 болып тіркелген);
6. Сәтбаев қаласы әкімдігінің және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және 31 наурыздағы № 223 «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысы және шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2601 болып тіркелген);
7. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 219 «Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2603 болып тіркелген);
8. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 247 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2630 болып тіркелген);
9. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 262 «Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2741 болып тіркелген);
10. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 280 «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2843 болып тіркелген);
11. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 300 «2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2910 болып тіркелген);
12. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 304 «Сәтбаев қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2923 болып тіркелген);
13. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 318 «Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3052 болып тіркелген);
14. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 330 «Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3170 болып тіркелген);
15. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3324 болып тіркелген);
16. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 10 тамыздағы № 362 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3392 болып тіркелген);
2. Сипаттау бөлігі
Сәтбаев қалалық мәслихатының шешімдеріне талдау қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілді.
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 304 «Сәтбаев қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының талаптарына сәйкес қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғаннан кейiн тиісті өзгерістер енгізіледі.
Өзге нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу барысында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, қайталанатын, декларативтік сипаттағы заңнамалық актінің нормалары анықталған жоқ. Мемлекеттік тіркеуден өткен барлық нормативтік құқықтық актілер қалалық «Шарайна» газетінде, www.maslihat-satpaev.kz веб-сайтында жарияланды, сондай-ақ тіркелген нормативтік құқықтық шешімдер графикалық форматта Республикалық құқықтық ақпарат орталығының тиісті аумақтық бөлімшесіне жолданды және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланды.
3. Қорытынды бөлігі
Ұсыныстар жоқ.