Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

2016 жылдың І жартыжылдығына Сәтбаев қалалық мәслихатымен қабылданған нормативтік құқықтық актілеріне Т А Л Д А У А Н Ы Қ Т А М А С Ы

| Автор:   Бөлім:  Мониторинг НПА Жұма, 10 Маусым 2016 05:39
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

1. Кіріспе бөлігі

Талдау жүргізуге Сәтбаев қалалық мәслихатының келесі шешімдері жатады:

1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 417 «Салық салу объектісі бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-122 болып тіркелген);

2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 25 «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Сәтбаев қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық ставканы ұлғайту мақсатында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-137 болып тіркелген);

3. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 130 «Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимі бойынша аумақтарды айқындай отырып, Сәтбаев қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2323 болып тіркелген);

4. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 желтоқсандағы    № 189 «Автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, салық салу мақсаты үшін жер салығының базалық ставкасын түзетумен жерлерді өңірлерге бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2479 болып тіркелген);

5. Сәтбаев қаласы әкімдігінің және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және 31 наурыздағы № 223 «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысы және шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2601 болып тіркелген);

6. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 247 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде      № 2630 болып тіркелген);

7. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 262 «Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2741 болып тіркелген);

8. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3324 болып тіркелген);

9. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы   № 406 «2016 – 2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 3602 болып тіркелген);

10. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 430 «Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3689 болып тіркелген);

11. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 431 «Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3690 болып тіркелген);

12. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 432 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3688 болып тіркелген);

13. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 433 «Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3716 болып тіркелген);

14. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 31 «Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде     № 3819 болып тіркелген);

15. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 46 «Бейбiт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде        № 3818 болып тіркелген).

2. Сипаттау бөлігі

Сәтбаев қалалық мәслихатының шешімдеріне талдау қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілді.

Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу барысында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, қайталанатын, декларативтік сипаттағы заңнамалық актінің нормалары анықталған жоқ.

Мемлекеттік тіркеуден өткен барлық нормативтік құқықтық актілер қалалық «Шарайна» газетінде, www.maslihat-satpaev.kz веб-сайтында жарияланды, сондай-ақ тіркелген нормативтік құқықтық шешімдер графикалық форматта Республикалық құқықтық ақпарат орталығының тиісті аумақтық бөлімшесіне жолданды және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланды.

3. Қорытынды бөлігі

Ұсыныстар жоқ.

Оқылды: 597 рет Соңғы рет өзгертілді: Жексенбі, 12 Маусым 2016 02:25