Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

                                                                     Қалалақ мәслихат хатшысының            

2021 жылғы 10 қыркүйектегі

     № 24/2-1 өкімімен

         бекітілген

«Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ

бас маманының лауазымдық нұсқаулығы

(мемлекеттік әкімшілік лауазым санаты Е-4, № 1-2)

1. Жалпы ережелер

1.1. Қалалық мәслихаттың бас маманы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актiлер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексін(Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтік әдеп қағидалары), мемлекеттік қызмет жүйесінің жұмыстарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, қалалық мәслихаттың регламентін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

          1.2. Қалалық мәслихаттың бас маманы аппарат басшысына бағынады және жұмыс бабындағы өкімдерді алады.

1.3. Қалалық мәслихаттың бас маманы уақытша болмаған жағдайда оның міндеттері басқа бас маманға жүктеледі.

1.4. Бас маманның қарамағында қызметкерлер жоқ.

1.5. Бас маман қызметке заңнамаға сәйкес тағайындалады және босатылады.

         

2. Бас маманның құқықтары

2.1. Өз құзыреті аясында қаланың мемлекеттік мекемелерімен және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдармен байланыстарды жүзеге асыру.

2.2. Қаланың мемлекеттік мекемелерінен және барлық меншік түріндегі ұйымдардан мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұрату және алу.

2.3. Өз жұмысын жоспарлау.

2.4. Қалалық мәслихат аппаратының жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

3. Бас маманның міндеттері

3.1. Экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қызметін қамтамасыз ету.

3.2. Сессия шешімдерінің, қалалық мәслихат хатшысы өкімдерінің, депутаттық сауалдардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

3.3. Мемлекеттік қызмет өткеру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу.

3.4. Қалалық мәслихат хатшысының жеке құрам және негізгі қызмет бойынша өкімдерін әзірлеу.

3.5.  Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікпен кадрлар қозғалысы бойынша есептерді уақытылы ұсыну және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауы жөнінде өзара байланыс жүргізу.

3.6. Азаматтардың хаттары мен өтініштерін уақытылы қарауды ұйымдастыру.

3.7.  Қалалық мәслихат хатшысының азаматтарды қабылдауын әзірлеу және өткізу.

3.8. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық стаистика және арнайы есеп комитеті басқармасына жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша есептерді өткізу мониторингін жүргізу.

3.9. Мемлекеттік органдардың интернет-порталы, «Электронды құжатайналымы жүйесі» ААЖ-де жұмыс жүргізу.

3.10. Персоналды басқару жүйесі «Е-қызмет» порталында жұмыс жүргізу.

3.11. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын тоқсан сайын бағалау үшін материалдар дайындау.

3.12. Қалалық мәслихат сессияларын әзірлеуге және өткізуге қатысу.

3.13. Қалалық мәслихат хатшысының қалалық мәслихаттағы, сайлау учаскесіндегі және қоғамдық қабылдаудағы жеке қабылдауының мониторингін жүзеге асыру.

 

 

4. Жауапкершілігі

4.1. Қалалық мәслихаттың бас маманы өзіне жүктелген өкілеттігі шегінде тапсырмаларды орындау және ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің этика нормалары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болуға байланысты шектеулер үшін дербес жауапты болады.

4.2. Қалалық мәслихаттың бас маманы осы міндеттерді сақтамағаны не бұзғаны үшін немесе уақытылы, сапалы және тиісінше орындамағаны үшін заңнамамен көзделген тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

          Атқарып отырған лауазымнан босатылған кезде мен жұмыс беруші сеніп тапсырған мүлікті, істер номенклатурасына және жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес, сондай-ақ аяқталған және ағымдағы жобалар бойынша қолда бар қызметтік құжаттаманы тікелей басшы айқындайтын мемлекеттік қызметшіге тапсыратын боламын.

Нұсқаулықпен таныстым:

қалалық мәслихаттың

бас маманы                                                                                       

2021 жылғы «___» __________