Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

                                                                       Қалалақ мәслихат хатшысының            

2021 жылғы 10 қыркүйектегі

     № 24/2-1 өкімімен

         бекітілген

«Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ

бас маманының лауазымдық нұсқаулығы

(мемлекеттік әкімшілік лауазым санаты Е-4, № 1-3)

1. Жалпы ережелер

1.1. Қалалық мәслихаттың бас маманы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актiлер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексін (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтік әдеп қағидалары), мемлекеттік қызмет жүйесінің жұмыстарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, қалалық мәслихаттың регламентін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

1.2. Қалалық мәслихаттың бас маманы аппарат басшысына бағынады және жұмыс бабындағы өкімдерді алады.

1.3. Қалалық мәслихаттың бас маманы уақытша болмаған жағдайда оның міндеттері басқа бас маманға жүктеледі.

1.4. Бас маманның қарамағында қызметкерлер жоқ.

1.5. Бас маман мәслихат қызметке заңнамаға сәйкес тағайындалады және босатылады.

           

2. Бас маманның құқықтары

2.1. Өз құзыреті аясында қаланың мемлекеттік мекемелерімен және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдармен байланыстарды жүзеге асыру.

2.2. Қаланың мемлекеттік мекемелерінен және барлық меншік түріндегі ұйымдардан мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұрату және алу.

2.3. Өз жұмысын жоспарлау.

2.4. Қалалық мәслихат аппаратының жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

3. Бас маманның міндеттері

3.1. Әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қызметін қамтамасыз ету.

3.2. Қалалық мәслихаттың қызметін ақпараттық-талдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешенін орындау, қоғаммен, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

3.3. Сессия шешімдерінің, қалалық мәслихат хатшысы өкімдерінің, депутаттық сауалдардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

3.4. Қалалық мәслихаттың іс-шараларын бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мәслихаттың веб-сайтында жариялауды қамтамасыз ету.

3.5. Қалалық мәслихаттың сессияларын әзірлеуге және өткізу қатысу.

3.6. Сайлау учаскелерінде жұмыстар кешенін орындау:

- азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

- депутаттық рейдтерді өткізу;

- депутаттардың шағынаудандарда сайлаушылармен кеңес өткізуді ұйымдастыру.

3.7. Аналитикалық және анықтамалық материалдарды дайындау.

3.8. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау жөніндегі ісшараларға қатысу.

3.9. Мемлекеттік органдардың интернет-порталында, Loq-book бағдарламасында жұмыс жүргізу.

4. Жауапкершілігі

4.1. Қалалық мәслихаттың бас маманы өзіне жүктелген өкілеттігі шегінде тапсырмаларды орындау және ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің этика нормалары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болуға байланысты шектеулер үшін дербес жауапты болады.

4.2. Қалалық мәслихаттың бас маманы осы міндеттерді сақтамағаны не бұзғаны үшін немесе уақытылы, сапалы және тиісінше орындамағаны үшін заңнамамен көзделген тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

            Атқарып отырған лауазымнан босатылған кезде мен жұмыс беруші сеніп тапсырған мүлікті, істер номенклатурасына және жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес, сондай-ақ аяқталған және ағымдағы жобалар бойынша қолда бар қызметтік құжаттаманы тікелей басшы айқындайтын мемлекеттік қызметшіге тапсыратын боламын.

Нұсқаулықпен таныстым:

қалалық мәслихаттың

бас маманы                                                                                       

2021 жылғы «___» __________