Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Қалалақ мәслихат хатшысының            

2021 жылғы 10 қыркүйектегі

     № 24/2-1 өкімімен

         бекітілген

«Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ

аппарат басшысының лауазымдық нұсқаулығы

(мемлекеттік әкімшілік лауазым санаты Е-2, № 1-1)

1. Жалпы ережелер

1.1. Қалалық мәслихаттың аппарат басшысы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актiлер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексін (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтік әдеп қағидалары), мемлекеттік қызмет жүйесінің жұмыстарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, қалалық мәслихаттың регламентін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

1.2. Қалалық мәслихаттың аппарат басшысы мәслихат хатшысына бағынады және одан жұмыс бабындағы өкімдерді алады.

1.3. Қалалық мәслихаттың аппарат басшысы қызметке заңнамаға сәйкес тағайындалады және босатылады.

1.4. Қалалық мәслихаттың аппарат басшысына тікелей бағынады:

1) бас маман (мемлекеттік әкімшілік лауазым санаты Е-4);

2) бас маман (мемлекеттік әкімшілік лауазым санаты Е-4);

3) бас маман-заңгер (мемлекеттік әкімшілік лауазым санаты Е-4);

4) бас маман-бухгалтер (мемлекеттік әкімшілік лауазым санаты Е-4).

1.5. Аппарат басшысы мәслихат аппаратының қызметкерлеріне жұмыс бабындағы өкімдерді және әдістемелік нұсқаулар береді.

2. Аппарат басшының құқықтары

2.1. Өз құзыреті аясында қаланың мемлекеттік мекемелерімен және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдармен байланыстарды жүзеге асыру.

2.2. Қаланың мемлекеттік мекемелерінен және барлық меншік түріндегі ұйымдардан мәслихат құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұрату және алу.

2.3.  Аппарат жұмысын жоспарлау.

2.4. Қалалық мәслихат аппаратының жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

2.5. Қарамағындағыларға өкімдер беру және олардың орындалуын бақылау.

2.6. Аппарат қызметкерлерін көтермелеу жөнінде ұсыныстар жасау.

           

2. Аппарат басшының міндеттері

            3.1. Қалалық мәслихаттың Ережесіне сәйкес мемлекеттік органның миссиясын, негізгі мақсаттарын, функцияларын, құқықтары мен міндеттерін іске асыруға байланысты ісшаралар кешенін орындау.

            3.2. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасау және мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына жауаптылық.

            3.3. ҚР заңдарының, облыстық және қалалық мәслихат сессиялары шешімдерінің, қалалық мәслихат тұрақты комиссиялары қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау.

            3.4. Сессиялардың шешімдерінің, тұрақты комиссиялардың қаулыларының және мәслихаттың нормативтік актілерінің жобаларын әзірлейді.

            3.5. Сайлау комиссияларының мүшелерін сайлауды әзірлеуді және өткізуді ұйымдастыру.

3.6. Сессия құжаттарын әзірлеуге, қалалық мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарын дайындауға және өткізуге басшылық жасау.       

            3.7. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес қалалық мәслихат хатшысына аппарат қызметкерлерін тағайындау, ауыстыру, марапаттау және жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу.

            3.8. Сайлау округтерінде депутаттар жұмысына мониторинг жүргізу.

            3.9.      Депутаттардың сауалдарының және сайлаушылардың өтініштерінің қаралуын бақылау.

3.10. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстарды үйлестіру.

3.11. Мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелермен, қала кәсіпорындары және қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету.

            3.12. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарымен, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалымен, қаланың қоғамдық кеңесімен жұмысты үйлестіру және өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету.

            3.13. Ұжымдығы моральдық-психологиялық ахуалға жауапты болу, іскерлік орта және қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауына тиісті жағдайлар қалыптастыру.

            3.14.    Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтауға бақылауды жүзеге асыру.

           

4. Жауапкершілігі

4.1. Қалалық мәслихаттың аппарат басшысы өзіне жүктелген өкілеттігі шегінде тапсырмаларды орындау және ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің этика нормалары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болуға байланысты шектеулер үшін дербес жауапты болады.

4.2. Қалалық мәслихаттың аппарат басшысы осы міндеттерді сақтамағаны не бұзғаны үшін немесе уақытылы, сапалы және тиісінше орындамағаны үшін заңнамамен көзделген тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

            Атқарып отырған лауазымнан босатылған кезде мен жұмыс беруші сеніп тапсырған мүлікті, істер номенклатурасына және жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес, сондай-ақ аяқталған және ағымдағы жобалар бойынша қолда бар қызметтік құжаттаманы тікелей басшы айқындайтын мемлекеттік қызметшіге тапсыратын боламын.

Нұсқаулықпен таныстым:

қалалық мәслихаттың

аппарат басшысы                                                                                        Қ. Махамбетова

2021 жылғы «___» __________