Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

 

Қалалақ мәслихат хатшысының

2021 жылғы 10 қыркүйектегі

     № 24/2-1 өкімімен

         бекітілген

«Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ

бас маманы-заңгерінің лауазымдық нұсқаулығы

(мемлекеттік әкімшілік лауазым санаты Е-4, № 1-4)

1. Жалпы ережелер

1.1. Қалалық мәслихаттың бас маманы-заңгері өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актiлер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексін (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтік әдеп қағидалары), мемлекеттік қызмет жүйесінің жұмыстарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, қалалық мәслихаттың регламентін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

1.2. Қалалық мәслихаттың бас маманы-заңгері аппарат басшысына бағынады және жұмыс бабындағы өкімдерді алады.

1.3. Қалалық мәслихаттың бас маманы-заңгері уақытша болмаған жағдайда оның міндеттері басқа бас маманға жүктеледі.

1.4. Бас маман-заңгердің қарамағында қызметкерлер жоқ.

1.5. Бас маман-заңгер қызметке заңнамаға сәйкес тағайындалады және босатылады.

           

2. Бас маман-заңгердің құқықтары

2.1. Өз құзыреті аясында қаланың мемлекеттік мекемелерімен және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдармен байланыстарды жүзеге асыру.

2.2. Мемлекеттік ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан белгіленген тәртіпте құқықтық мәселелер бойынша ақпараттарды сұрату және алу.

2.3. Өз жұмысын жоспарлау.

2.4. Қалалық мәслихат аппаратының жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

3. Бас маман-заңгердің міндеттері

3.1. Қалалық мәслихаттың қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету.

3.2. Сессия шешімдерінің, тұрақты комиссиялардың қаулыларының және қалалық мәслихат хатшысының өкімдерін қолданыстағы заңнамаға сәйкестілігін заңдық-құқықтық камтамасыз ету.

3.3. Қалалық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу.

3.4. Мемлекеттік тіркеуге жататын қалалық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жолдау.

3.5. Қалалық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін әділет органына мемлекеттік тіркеуге ұсыну.

3.6. Қалалық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілері әділет органында тіркелгеннен кейін мерзімді баспада ресми жариялау.

3.7. Анықтама-негіздемелерді және заңды негіздемелерді (келісім-шарттарды) талап ететін өзге де қажетті құжаттарды дайындау.

3.8. Құқық бұзушылыққа, сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі ақпараттық материалдарды дайындау.

3.9. Сессия шешімдерінің жобаларын әзірлеуге, қалалық мәслихатың сессияларын, тұрақты комиссия отырыстарын дайындауға және жүргізуге қатысу.

3.10. Қалалық мәслихат хатшысының және депутаттарының азаматтарды жеке сұрақтарымен келген сайлаушыларды қабылдау уақытында құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер, кеңес беруге қатысу.

3.11. Аппарат қызметкерлеріне және мәслихат депутаттарына құқықтық көмек көрсету.

3.12. Қалалық мәслихаттың жалпы құқықтық мектебінің жұмысын ұйымдастыру және жүргізу.

3.13. Қалалық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу.

3.14. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталына жариялау, мемлекеттік органдардың интернет-порталында жұмыс жүргізу.

4. Жауапкершілігі

4.1. Қалалық мәслихаттың бас маманы-заңгері өзіне жүктелген өкілеттігі шегінде тапсырмаларды орындау және ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің этика нормалары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болуға байланысты шектеулер үшін дербес жауапты болады.

4.2. Қалалық мәслихаттың бас маманы-заңгері осы міндеттерді сақтамағаны не бұзғаны үшін немесе уақытылы, сапалы және тиісінше орындамағаны үшін заңнамамен көзделген тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

            Атқарып отырған лауазымнан босатылған кезде мен жұмыс беруші сеніп тапсырған мүлікті, істер номенклатурасына және жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес, сондай-ақ аяқталған және ағымдағы жобалар бойынша қолда бар қызметтік құжаттаманы тікелей басшы айқындайтын мемлекеттік қызметшіге тапсыратын боламын.

Нұсқаулықпен таныстым:

қалалық мәслихаттың

бас маманы-заңгері                                                                                    Д. Құлашева

2021 жылғы «___» __________