Қалалақ мәслихат хатшысының
2021 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 24/2-1 өкімімен
бекітілген
«Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ
бас маманы-бухгалтерінің лауазымдық нұсқаулығы
(мемлекеттік әкімшілік лауазым санаты Е-4, № 1-5)
1. Жалпы ережелер
1.1. Қалалық мәслихаттың бас маманы-бухгалтері өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актiлер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексін (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтік әдеп қағидалары), мемлекеттік қызмет жүйесінің жұмыстарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, қалалық мәслихаттың регламентін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.2. Қалалық мәслихаттың бас маманы-бухгалтері аппарат басшысына бағынады және жұмыс бабындағы өкімдерді алады.
1.3. Қалалық мәслихаттың бас маманы-бухгалтері уақытша болмаған жағдайда оның міндеттері басқа бас маманға жүктеледі.
1.4. Бас маман-бухгалтердің қарамағында қызметкерлер жоқ.
1.5. Бас маман-бухгалтер мәслихат қызметке заңнамаға сәйкес тағайындалады және босатылады.
2. Бас маман-бухгалтердің құқықтары
2.1. Өз құзыреті аясында қаланың мемлекеттік мекемелерімен және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдармен байланыстарды жүзеге асыру.
2.2. Мемлекеттік ұйымдардан, лауазымды адамдардан қаржыландыру мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте ақпарат сұрату және алу.
2.3. Қаржылық құжаттарда екінші қол қою құқығы.
2.4. Өз жұмысын жоспарлау.
2.5. Қалалық мәслихат аппаратының жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
3. Бас маман-бухгалтердің міндеттері
3.1. Қаржылық қамтамасыз етуге және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға байланысты жұмыстар кешенін жүзеге асыру.
3.2. Ағымдағы және келер жылдың бюджеттік тапсырыстарын және бюджеттік сыныптаманың ерекшеліктері бойынша олардың есептерін, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын әзірлеу.
3.3. Шығыстар сметасының орындалуы туралы тоқсандық және жылдық есептер және қаржыландыру жоспарының орындалу балансын жасау.
3.4. Бухгалтерлік есеп шоттарда барлық шаруашылық операцияларын бақылауды қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті белгіленген мерзімде жасау.
3.5. Қалалық мәслихат аппаратының және депутаттық қызметтің қаржы-шаруашылық қызметін есепке алу негізгі қорларды, материалдарды, жанар-жагармайды ақшалай қаржыны бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстаркешенін орындау.
3.6. Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы жұмыстарды орындау, ұйымдармен бас бухгалтердің құзыретіндегі мәселелер бойынша келісім-шарт жасасу.
3.7. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды белгіленген тәртіпте рәсімдеу және мұрағатқа өткізу.
3.8. Тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізу.
3.9. Бюджеттің шығыс бөлігін жоспарлау және шекті лимиттер мен олардың нысаналы тағайындалуына сәйкес бюджет бойынша бекітілген шығыс сметалары бойынша қаражатты тиімді жұмсауды бақылау.
4. Жауапкершілігі
4.1. Қалалық мәслихаттың бас маманы-бухгалтері өзіне жүктелген өкілеттігі шегінде тапсырмаларды орындау және ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің этика нормалары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болуға байланысты шектеулер үшін дербес жауапты болады.
4.2. Қалалық мәслихаттың бас маманы-бухгалтері осы міндеттерді сақтамағаны не бұзғаны үшін немесе уақытылы, сапалы және тиісінше орындамағаны үшін заңнамамен көзделген тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Атқарып отырған лауазымнан босатылған кезде мен жұмыс беруші сеніп тапсырған мүлікті, істер номенклатурасына және жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес, сондай-ақ аяқталған және ағымдағы жобалар бойынша қолда бар қызметтік құжаттаманы тікелей басшы айқындайтын мемлекеттік қызметшіге тапсыратын боламын.
Нұсқаулықпен таныстым:
қалалық мәслихаттың
бас маманы-бухгалтері А. Ахметқали
2021 жылғы «___» __________