Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасының қаралуы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Дүйсенбі, 15 Қараша 2021 05:21
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджетті бекітпес бұрын бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты комиссиясында қарау жұмыстары жүргізіледі. 11-12 қарашада 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасы мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың және қала әкімінің орынбасары Ш.Әубәкірдің қатысуымен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырыстарында қаралды. Тұрақты комиссиялардың мүшелері жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаланы дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында жоспарланып отырған шығыстар көлемдері жөніндегі баяндамаларын тыңдады. Жобаларды талқылау барысында депутаттар қаланың абаттандырылуын одан әрі жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізді. Жолдарды асфальттау, қаланың төменгі бөлігінің шағын аудандарын абаттандыру одан әрі жалғасатын болады, жаңадан 10 футбол алаңы, заманауи балалар ойын алаңдары орнатылады. Депутаттар тұрғындарды әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

 

Оқылды: 227 рет Соңғы рет өзгертілді: Дүйсенбі, 15 Қараша 2021 05:34