Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Бейсенбі, 16 Желтоқсан 2021 04:33
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Сәтбаев қалалық мәслихаты Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды. Жұмыс тобының сандық құрамы – 7 адам, оның 2-і – мемлекеттік органның өкілдері, 5-і – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) үлгі бойынша өтініш (үлгі қалалық мәслихаттың сайтында: maslihat.satpaev.gov.kz).

2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі ұсынылады.

Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсынысты 2021 жылдың 20 желтоқсанынан 24 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 101302, Сәтбаев қ.,Академик Қ.Сәтбаев д., 108, 3-қабат.

Электрондық мекен-жай:satp_maslihat@krg.gov.kz

Байланыс телефоны: 8 (71063) 34523, 34453.

Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге 1-қосымша Нысан

 

 

Қадағалаушылар тізімін қалыптастыру бойынша таңдау өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Сәтбаев қалалық мәслихаты Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатарынан 3 адамнан тұратын қадағалаушылар тізімін қалыптастыру бойынша таңдау өткізу туралы хабарлайды.

Тілек білдірушілер үлгі бойынша өтініштерін (үлгі қалалық мәслихаттың сайтында: maslihat.satpaev.gov.kz ) 2021 жылдың 20 желтоқсанынан 24 желтоқсанына(қоса алғанда) дейін мына мекен-жайға: 101302, Сәтбаев қ., Академик Қ.Сәтбаев д., 108, 3-қабат немесе мына электрондық мекен-жайға жолдаулары қажет: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс телефоны: 8 (71063) 34523, 34453.

Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге 2-қосымша

Оқылды: 99 рет