Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы №05-21/194 хаты негізінде Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі конкурсты қайта жаңдандыру және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталуын 2022 жылғы 31 қаңтардан бастап 2022 жылғы 11 ақпанға дейін (қоса алғанда) хабарлаймыз.
Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы – 11 адам, оның 2-і – мемлекеттік органның өкілдері, 9-ы – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысушылар «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгі қалалық мәслихаттың сайтында http://maslihat.satpaev.gov.kz );
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
3) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) сотталғандығың болуы не болмауы туралы анықтама;
5) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.
Осыған байланысты, құжаттарды келесі электрондық мекенжайға қайта жолдауыңызды сұраймыз: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. немесе қолма қол жеткізу.
Байланыс телефоны: 8 (71063) 34523, 34453.
Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізу туралы толық ақпарат қалалық мәслихаттың ресми сайтында орналастырылған(http://maslihat.satpaev.gov.kz).
Жұмыс тобы