Қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері және мәслихат хатшысы Хмилярчук Т.И. мәселені отырыстың қарауына әзірлеу бойынша басталған жұмысты 2022 жылдың 11 ақпанында «Сәтбаев қаласы Дін істері орталығы» ҚММ-де жалғастырды. Депутаттар орталықтың қызметімен танысып, конфессияаралық келісім саласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтудың түйткілді мәселелерін талқылады.