Саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына
Сәтбаев қалалық мәслихатының округтік және
учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер
енгізу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерінің міндеттерін атқарудан босатылуына байланысты Сәтбаев қалалықмәслихаты саяси партиялардың ұсыныстары негізінде округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізілетінін хабарлайды.
Қалалық мәслихатқа белгіленген формада кандидатуралардың тізімдері жіберіледі: атауы, сайлау комиссиясының нөмірі, комиссияның мекен-жайы, кандидатураның аты-жөні, туған күні, айы, жылы, жеке басы куәлігінің нөмірі, берген мекеме, берілген күні, ұлты* (кандидаттың еркіне байланысты), білімі, мамандығы, жұмыс орны, лауазымы, қызмет телефоны, тұратын мекен-жайы, үйінің телефоны, саяси партия немесе қоғамдық бірлестіктің мүшесі болып табыла ма*(кандидаттың еркіне байланысты). Осы мәліметтерге саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, құрылатын сайлау комиссиясына қатысты жоғары құрылымның төрағасы қол қояды.
Ұсынылған кандидатуралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 2-1, 10-тармақтарына, 20-бабының 12-тармағына сәйкес болулары тиіс.
Жоғарыда аталған формаға қосымша келесі құжаттар тапсырылады:
1. Саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, сондай-ақ жоғары сайлау комиссия шешімінің үзіндісі;
- Саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі жөніндегі құжаттың көшірмесі;
- Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуына келісім берген қалалық мәслихат хатшысының атына жазған өтініші және белгіленген формада кандидаттың өмірбаяндық мәліметтері.
Ұсыныстар қалалық мәслихатта 2015 жылдың 14 желтоқсанына дейін (сағат 9-00 -18-30) Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, каб.38 мекен-жайы бойынша қабылданады.
Қалалық мәслихаттың хатшысы –Татьяна Ивановна Хмилярчук.
Материалдарды жинауға жауапты: Қарлығаш Мамедқызы Махамбетова – қалалық мәслихаттың аппарат басшысы, Динара Бегалықызы Құлашева - қалалық мәслихаттың бас маманы-заңгері, жұмыс тел. 8(71063)34453, 8(71063)35072.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының хатшысы Т.Хмилярчук