Экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2019 жылғы 3 қазандағы кеңейтілген отырысында депутаттар қаланың тұрғын үй қорының 2019-2020 жылғы жылу беру маусымына дайындығы және балалар ойын алаңдарының жай-күйі туралы мәселелерді қарады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасары Б.Е.Абдрахаев, «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы К.Ш.Күнеділова ақпарат берді, қалалық мәслихат хатшысы Т.И. Хмилярчук, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Б.Амиров, Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы М.С.Мәдиева, депутат Қ.М.Балмағамбетов сөз алды. Отырыстың қаулысымен тиісті қызметтерге депутаттық рейдтер барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.