Бүгін депутат Қ.М.Балмағамбетовтың төрағалық етуімен onlineрежимде өткен қалалық мәслихаттың кезекті 70-сессиясында Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов депутаттар алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.
Депутаттар сессияда сонымен қатар әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмысы туралы есебін тыңдады және жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісу туралы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізіу туралы мәселелерді қарады. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Цой В.Л. сайланды.