2020 жылдың 29 қыркүйегінде online режимде (Zoom Сloud Meetings қосымшасы арқылы бейнеконференция жүйесінде) депутат В.Л. Цойдың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 71-сессиясы болып өтті. Депутаттар сессияда жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісу туралы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізіу туралы мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.