«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» Сәтбаев қаласында іске асырылу барысы туралы» мәселені қалалық мәслихат сессиясының қарауына әзірлеу аясында 2020 жылғы 5 ақпанда «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ-де депутат күні өтті. Депутаттар «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы М.Т. Баповтың, «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ басшысы Қ.Б. Ашықбаевтың, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы қалалық филиалының директоры Ғ.Ж. Сүтбаевтың бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстары туралы ақпараттарымен, сонымен қатар жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысты.
Жезқазған өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ершов Сергей Михайлович пен Қожахметов Арман Төлешұлы 2020 ж. 8 қаңтарда Сәтбаев қаласындағы «Қамқор» әлеуметтік қолдау орталығында және «Эберман А.В.» ЖК «TrikSat» тігін-тоқу шеберханасында болды. Депутаттар кәсіпорындардың жұмысымен танысты, сондай-ақ жергілікті өкілді орган депутаттарымен және қала басшылығымен кездесу өткізді. Қос палата мүшелері Парламенттің заңшығарушылық қызметі туралы баяндады, депутаттар мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің сұрақтарына жауап берді.
Жұмыс сапарында Парламент депутаттарымен қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Ивановна Хмилярчук және қала әкімінің міндетін атқарушы Нарботаев Сұлтан Нұрланұлы бірге болды.
2019 жылғы 26 желтоқсанда депутат Қ.Қ.Жанасылованың төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының 58-сессиясы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджетті бекітті, мәселе бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары Ш.Әубәкіров баяндама жасады. Сессияда қалалық мәслихаттың хатшысы Т.Хмилярчуктың атқарған жұмысы туралы есебі және «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы М.Баповтың 2018-2019 жылдарға Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын іске асыру қорытындылары туралы есебі тыңдалды. Депутаттар Жезқазған кентінің көшірілуіне байланысты нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимi бойынша аумақтарды айқындай отырып, Сәтбаев қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасына өзгеріс енгізу жөніндегі шешім жобасын қарады, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларымен келісті, қалалық мәслихаттың 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын және «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ 2020 жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітті. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат И.Бралин сайланды. Сессия соңында қала әкімі А.А.Ыдырысов қаланың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.
Сессияның екінші салтанатты бөлімі Қазазқстан Республикасы мәслихаттарының 25 жылдығын мерекелеуге арналды. Қала әкімі А.Ыдырысов және мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук қалалық мәслихаттың алтыншы және бұрынғы шақырылымдарының депутаттарын құттықтап, депутаттар мен мемлекеттік мекеме басшыларының бірқатарына Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 25 жыл мерекелік медалімен, Сәтбаев қаласының құрмет грамотасымен және мәслихат хатшысының алғыс хатымен марапаттады.
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының учаскелік сайлау
комиссияларының шығып қалғандарының о
рындарына мүшелер сайлау туралы
хабары
2019 жылдың 11 желтоқсанында Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 57 сессиясы болып өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкесСәтбаев қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайланғандығы туралы хабарлайды.
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты
«Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 367 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»VІ шақырылған Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы желтоқсандағы 57 сессиясының № 476 шешімімен сайлау комиссияларының құрамдарына енгізілді:
№ 283 учаскелік сайлау комиссиясы
Көккөзова Сәуле Бақытқызы
Әбішев Мұхамедәлі Әдуардұлы
№ 284 учаскелік сайлау комиссиясы
Елеусізова Еркінай Жанғалиқызы
Туебаева Күлпаш Смайылқызы
Арыстанбаева Жарқын Сәрсенбекқызы
№ 285 учаскелік сайлау комиссиясы
Сайдалина Эльмира Қыпшақбайқызы
№ 286 учаскелік сайлау комиссиясы
Куржиков Мейіржан Әділсейтұлы
№ 287 учаскелік сайлау комиссиясы
Нашкенова Динара Қуанышқызы
№ 288 учаскелік сайлау комиссиясы
Қалдыбаева Алмагүл Сабазқызы
Қонаева Әсем Әзімбекқызы
№ 291 учаскелік сайлау комиссиясы
Иоцус Витас Антанас
Қалмағанбет Гүлжан Айтуғанқызы
№ 292 учаскелік сайлау комиссиясы
Назарова Фарида Серікқызы
Ысқақова Мереке Бейсенқызы
Тойлыбаева Ардақ Жұманқызы
№ 293 учаскелік сайлау комиссиясы
Дүйсен Лаура Боранбайкызы
№ 294 учаскелік сайлау комиссиясы
Молдағалиева Диана Сергеевна
Джарасова Қымбат Мырзатайқызы
№ 296 учаскелік сайлау комиссиясы
Тұрғынбаева Әлия Қылышбекқызы
Әлжанова Әсел Бейсенғалиқызы
№ 297 учаскелік сайлау комиссиясы
Қанафина Гүлмира Ажыханқызы
Мағзұмова Шынар Кенжебекқызы
Барақбаева Зәуре Жаңабайқызы
№ 299 часкелік сайлау комиссиясы
Алибаева Аяулым Сабыржанқызы
№ 300 часкелік сайлау комиссиясы
Асқаров Амангелді Боранбайұлы
Сейтжаппарова Сандуғаш Асанғазықызы
Ахметова Айнұр Тәліпқызы
№ 301 учаскелік сайлау комиссиясы
Назарова Әлия Мұратқызы
Бекетова Жанар Сапарғалиқызы
Әшірбекова Жұлдыз Сапарбайқызы
№ 302 учаскелік сайлау комиссиясы
Баймендинова Әмина Мұхтарқызы
Сәуленбекова Айгүл Дүйсенбекқызы
№ 304 учаскелік сайлау комиссиясы
Қараторғаева Мәншүк Накімбекқызы
№ 305 учаскелік сайлау комиссиясы
Тайшыкова Сандуғаш Хасанқызы
Найманов Берікбол Бәкенұлы
Шоманова Кәмшат Науқанбекқызы
№ 306 учаскелік сайлау комиссиясы
Шахмұрат Досбол Серікұлы
Баймағанбетов Сапарғали
Ибескенова Гүлнұр Құрманғазықызы
№ 307 учаскелік сайлау комиссиясы
Мейрамбай Маржан Мәлікқызы
Дархан Мәдина Дарханқызы
Ыдырысова Гүлбану Алдашқызы
Река Татьяна Викторовна
Жұмаділдаева Гүлнар Алмасбекқызы
№ 308 учаскелік сайлау комиссиясы
Тапишева Венера Бекенқызы
№ 309 учаскелік сайлау комиссиясы
Садықова Ақсәуле Ермекбайқызы
Өткелбаева Айнұр Қойлыбайқызы
2019 жылғы 11 желтоқсанда Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 57 сессиясы өтті. Сессияның тиісті шешімдерімен 2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджетке және қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 20 тамыздағы № 262 шешімімен бекітілген Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесіне өзгерістер енгізілді, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына шығып қалғандардың орындарына мүшелер сайланды, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы 11 шарт жобаларымен келісілді, сонымен қатар кадрлық өзгерістерге байланысты Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді және кезекті сессияның төрағасы сайланды.