Вторник, 29 Апрель 2025

Телефон доверия

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сессияға дайындық

Автор Среда, 11 Апрель 2018 04:39

«Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі заңнамасының іске асырылу барысы туралы» мәселені қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына әзірлеу аясында 2018 жылдың 10 сәуірінде мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук бастаған депутаттық жұмыс тобы халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі заңнаманың іске асырылу барысын зерделеу мақсатында №№ 7, 25 мектептердегі инклюзивті білім беру сыныптарында және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бөлімшесінде болды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2018 жылдың 10 – 19 сәуірі аралығында Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына шығып қалған мүшесінің орнына коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар, өтініштер қабылдайтындығын хабарлайды.   
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатты коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруғаалкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгілері қосымшаланған);
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады (үлгі қосымшаланған).
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидат қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Ұсыныстар мына мекен-жай бойынша: Сәтбаев қаласы, Академик Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, № 35  кабинет, тел.: 3-44-53, 3-50-72, күн сайын қабылданады, жұмыс уақыты 09.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс уақыты 13.00-ден 14.30-ге дейін. Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. , «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ.

Ескерту: егер кандидат «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы бойынша мәліметтер ұсынбаған жағдайда кандидат осы мәліметтер бойынша сұраныс жасауға жазбаша келісім береді.

ҮЛГІ

 

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін
қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобының басшысы
Т.И.Хмилярчук

 

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына
кандидат ұсыну туралы
ӨТІНІШ

Мен, ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабымен Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын (тиісті анықтамаларды қосымшалауды ұсынамыз).
Конкурс туралы хабарландырумен қарастырылған құжаттарды осы өтінішке  қосымша ұсынамын.

 

20___ жылғы «____» _________  ______________    ____________________
(қолы)                            (атының бастапқы әрпі, тегі)

 

 

 

 

 

 

 

ҮЛГІ

 

 

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін
қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобының басшысы
Т.И.Хмилярчук

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына
кандидат ұсыну туралы
ҰСЫНЫС

_____________________________________________________________________________
(коммерциялық емес ұйымның атауы)
___________________________________________________ аумағында тіркелген және

(немесе) өз қызметін жүзеге асырушы,

заңды мекен-жайы:
_____________________________________________________________________________

қызмет мақсаты:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына ұсыну үшін  _________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________________________________________________________
лауазымы (немесе өзге статусы)
кандидатурасын қарауды сұрайды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабымен Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймыз (тиісті анықтамаларды қосымшалауды ұсынамыз).
Кандидаттың кәсіптік және (немесе) өзге қызметі туралы мәліметтер, өмірбаян деректері көрсетіле отырып қосымшаланған. 

20____ жылғы «____» _________  
_______________________             ____________________       __________________________
(лауазымы)                                                            (қолы)                                         (атының бастапқы әрпі, тегі)

Мөр орны

 

 

 

ҮЛГІ

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидаттың
ӨМІРБАЯН ДЕРЕКТЕРІ

1. Аты-жөні ___________________________________________________________________

2. Туған күні, айы, жылы _______________________________________________________

3. Туған жері __________________________________________________________________

4. Қазақстан Республикасының азаматтығы ________________________________________

5. Ұлты *_____________________________________________________________________

6. Білімі, мамандығы ___________________________________________________________

7. Жұмыс орны, лауызымы ______________________________________________________

8. Партиядағы мүшелігі *________________________________________________________

9. Тұрғылықты мекен-жайы _____________________________________________________

10. Жеке куәлігі (төлқұжаты)  ­­№ ________________ берілген _________________________
(қашан және кіммен)    
ЖСН ________________________________________________________________________

11. Байланыс телефондары, электрондық мекен-жайы
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

12. Қосымша мәліметтер (наградалары, сайланбалы органдарға қатысуы туралы мәліметтер,

хабарлағыңыз келетін басқа да мәліметтер) _____________________________
_____________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________

(кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса ұсынылады)

 

________________       ____________________________
(кандидаттың қолы)                     (атының бастапқы әрпі, тегі)

2018 жылғы «____» _______________
(толтырылған күні)    

* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағына сәйкес қай ұлтқа жататындығы және партияға мүшелігі туралы мәлімет үміткердің еркіне байланысты көрсетіледі.

Депутаттардың бақылауында

Автор Пятница, 18 Август 2017 08:20

Мәслихат депутаттары өткен аптада қалалық білім беру мекемелерінде болып, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жалпы, биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен № 14 жалпы білім беру мектебінде, № 33 «Күншуақ» бала-бақшасында және Балалар өнер мектебінде күрделі жөндеу жоспарланған болатын.Депутаттық рейд барысында халық қалаулылары білім бөлімінің өкілімен бірге жөндеу объектілерінің және мердігер компаниялардың басшыларымен кездесті.Барлық жұмыстар кестеге сәйкес сапасы жағынан тиісті нормативтерге сай жүргізіліп жатқандығы анықталды.

2017 жылғы 12 шілдеде депутат Тәжбенов Тоғызбай Әбсаматұлының төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 18 сессиясы болып өтті.

Сессияда күн тәртібіне байланысты 2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісу және қалалық терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер туралы мәселелер қаралды. Депутаттар 41 мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын мақұлдады.  Терроризмге қарсы комиссияның құрамына жергілікті полиция қызметінің бастығы Б. Аманжолов енгізілді.

Қаралған мәселелер бойынша сессияда тиісті баяндамамен «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Е.Х.Сәкеев және «Сәтбаев қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ заңгері А.В. Крацких ақпарат берді.

Сессия жұмысына Сәтбаев қаласы әкімінің м.а. Б.Д. Жақсыбаев, мемлекеттік мекеме және ұйымдар басшылары қатысты.   

 









Хабарландыру! Көпшілік тыңдау!

Автор Среда, 28 Июнь 2017 07:02

Сәтбаев қалалық мәслихатының әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердіңқұрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес Сәтбаев қаласының кейбір көшелерін (Комаровкөшесін Мәңгілік ел көшесі, Первостроителей көшесін Алаш көшесі)  қайта атау мәселесі бойынша халықтың пікірін ескеру мақсатында 2017 жылғы 11шілдеде сағат 15.00-де Сәтбаев қаласының № 19жалпы орта білім беретін мектебініңмәжіліс залындакөпшілік тыңдау өткізілетінін хабарлайды.
Қайта атау мәселесі бойынша ұсыныстар мен сын-ескертпелер 2017 жылдың 11 шілдесіне дейін «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-де қабылданады.
Мекенжайымыз: Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 111 үй, 62 А кабинет.
Байланыс телефондарымыз: 3 24 23;  4 02 13