Вторник, 29 Апрель 2025

Телефон доверия

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Қалалық мәслихаттың кезекті 70 сессиясы

Автор Четверг, 10 Сентябрь 2020 07:39

Бүгін депутат Қ.М.Балмағамбетовтың төрағалық етуімен onlineрежимде өткен қалалық мәслихаттың кезекті 70-сессиясында Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов депутаттар алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.

Депутаттар сессияда сонымен қатар әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмысы туралы есебін тыңдады және жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісу туралы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізіу туралы мәселелерді қарады. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Цой В.Л. сайланды.

Кезектен тыс сессия туралы

Автор Четверг, 27 Август 2020 00:00

2020 жылғы 26 тамызда online режимде (Zoom Сloud Meetings қосымшасы арқылы бейнеконференция жүйесінде) депутат Е.А.Тоқымбаевтың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 69 сессиясы болып өтті. Депутаттар қалалық мәслихаттың «2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және «Сәтбаев қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелерді қарады. Сессияда сонымен қатар жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын келісу және қала әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу жөнінде шешімдер қабылданады. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Қ.М.Балмағамбетов сайланды.

2020 жылдың   29 маусымында Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 66 сессиясы болып өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайланғандығы туралы хабарлайды.

Қарағанды ​​облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты

«Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа   құрамдарын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 367 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» VІ шақырылған Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы маусымдағы сессиясының № 533 шешімімен сайлау комиссияларының құрамдарына енгізілді:

№ 282сайлау учаскесі
Түсіпбекова Балжан Тоқтағұлқызы

№ 286 учаскелік сайлау комиссиясы
Байзақова Анар Серікбайқызы

№ 287 учаскелік сайлау комиссиясы
Мұратбек Аяужан Мұратбекқызы

№ 295 сайлау учаскесі
Қойшыбаева Асыл Нұрмағамбетқызы
Оспанова Арайлым Мәжитқызы

№ 300 учаскелік сайлау комиссиясы
Құлашева Нұрқиса Серікқызы

№ 304 учаскелік сайлау комиссиясы
Ахметова Гүлшат Қайратқызы

№ 309 учаскелік сайлау комиссиясы
Нуртазаханова Алия Бейбутовна

Депутаттар қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ш.М.Әубәкірдің Сәтбаев қаласын дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының 2019 жылғы орындалуы туралы және 2019 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін; Жезқазған кенті әкімінің м.а. М.М. Кокшиннің 2019 жылғы Жезқазған кенті бюджетінің атқарылуы туралы есебін тыңдады. Мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысын ұсынды. Қаралған мәселелерді қала әкімі А.А. Ыдырысов қорытындылады. Депутаттар жалпы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң көрсеткіштерін атап өтті. Күн тәртібіне сәйкес экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.Л. Цойдың атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, бекітілді; сондай-ақ ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы шешімдер қабылданды. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Ш.С. Мұхамедғалиева сайланды. 

2020 жылдың 29 сәуірінде online режимде (Zoom Сloud Meetings қосымшасы арқылы бейнеконференция жүйесінде) мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 63 сессиясы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес сессияда Жезқазған кентінің нақтыланған бюджет жобасы, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020 - 2021 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы мәселелер қаралды. Депутаттар сонымен қатар жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобасын, Сәтбаев қаласы әкімдігінің жеке құрамын келісті. Мәселелер бойынша Жезқазған кентінің әкімі Д.Қ. Жүнісбеков, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы М.Т. Бапов, Сәтбаев қаласы әкімінің аппарат басшысы А.С. Нысанбаев баянадама жасады. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессияны қорытындылай келе, депутаттар төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін депутаттық қызметті жандандыру жоспарын талқылады.