Вторник, 29 Апрель 2025

Телефон доверия

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері бекітілген Ісшаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күніне арналған шаралар өткізді. Мәселен, көктемгі екіайлық аясында мемлекеттік қызметшілер қалалық және облыстық сенбіліктерге қатысты, олармен Кеншілер алаңында ағаштар отырғызылды, бекітілген аймақта санитарлық тазалау жүргізілді. Салауатты өмір салтын насихаттау және спорттың жаппай түрлерін көпшілікке тарату мақсатында аппарат қызметкерлері облыстың мәслихаттары депуттатары мен аппарат қызметкерлері арасында өткен спартакиадаға қатысты. Б.Бұлқышев атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханада мемлекеттік қызметшілермен патриоттық тақырыпта әдеби шығармаларды мәнерлеп оқу сағатын өткізді.

ҰСЫНЫС

Автор Пятница, 01 Февраль 2019 10:05

Сәтбаев қаласының қоғамдық                                       кеңесін қалыптастыру жөніндегі
    жұмыс тобының жетекшісі

    Т.И.Хмилярчукке


ҰСЫНЫС

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 және 10-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ереженің 22-тармағына сәйкес, Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына

(кандидаттың Т.А.Ә., туған жылы)
енгізуді ұсынамыз.

Кандидаттың конкурс туралы хабарландыруда қарастырылған құжаттары осы ұсынысқа қоса тіркеледі.


Коммерциялық емес ұйымның жетекшісі

  1. ___________________________________
                (қолы)
    ___________________________________
                (қолы)
                                        (Т.А.Ә.)

Тұрақты комиссияның көшпелі отырысы

Автор Пятница, 20 Июль 2018 09:17

2018 жылғы 18 шілдеде қаланың тұрмыстық қалдықтар жинау полигонында "Сәтбаев қаласындағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жағдайы және даму перспективалары туралы" мәселені кезекті сессияның қарауына әзірлеу аясында ТКШ бөлімінің, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, сондай-ақ " Магира Медиа", "Сәт Тазалық" ЖШС өкілдерінің қатысуымен экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті.

2018 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары Рысқали Қалиақпарұлы Әбдікер және Сергей Михайлович Ершов Сәтбаев қаласында жұмыс сапарымен болды. Парламент депутаттары «Қазақмыс» корпорацисы Технологиялық колледжінде, Қазақстан халқының рухани, қоғамдық және ұлтаралық келісім орталығында болды, жаңа коттедждік қалашықтың құрылысымен танысты.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 27-сессиясы

Автор Понедельник, 23 Апрель 2018 04:52

2018 жылғы 18 сәуірде Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 27 сессиясы өтті.
Кезектен тыс сессияның күн тәртібіне сәйкес 2018 жылға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізілді, бюджетті нақтылау бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары Ш.М. Әубәкіров баяндама жасады. Сессияда нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісу, кадрлық өзгерістерге байланысты қала әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгеріс енгізу жөніндегі мәселелер қаралды.
Сессия отырысына қала әкімінің орынбасары С.Н. Нарботаев, бірқатар мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты.