Вторник, 29 Апрель 2025

Телефон доверия

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі туралы

2016 жылғы 17 ақпанда Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтіп, онда Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурсқа қатысу үшін келіп түскен құжаттар қаралды. Жұмыс тобының төрағасы Т.И.Хмилярчуктің ақпараты бойынша барлығы 8 ұсыныс коммерциялық есем ұйымдардан және 5 өтініш азаматтардан келіп түскен. Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар қаралғаннан кейін әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру жүргізу арқылы  қалыптастырылған қаланың Қоғамдық кеңесінің құрамы қалалық мәслихат сессиясының қарауына жолданды.

2016 жылғы 17 ақпан күні сағат 10.00 де қала әкімдігінің кіші залында, Сәтбаев қаласы, академик Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108 мекен-жайы бойынша,  Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының  отырысы келесі  күн тәртібімен өткізіледі:

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2016 жылдың ақпан айының 9-нан 15-не дейін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына кандидаттар жөнінде ұсыныстар, өтініштер қабылдайтынын хабарлайды.

Жұмыс тобын құру мәселесі жөніндегі отырыс туралы хабарлама

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес 2016 жылдың 8 ақпанында қалалық мәслихатта Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру мәселелері жөніндегі отырыс өтті. Отырысты Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы Т.И. Хмилярчук ашып жүргізді.

ҮЛГІ

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін

қалыптастыру жөніндегі

жұмыс тобының басшысы

Т.И.Хмилярчук

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына

коммерциялық емес ұйымнан кандидат бойынша

ҰСЫНЫС