Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшілік тыңдаулар

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Бейсенбі, 11 Қараша 2021 03:28
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Халыққа медициналық қызмет көрсету өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Депутат Ш.С.Мұхамедғалиеваның төрағалығымен бүгін өткен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшілік тыңдауларда қаланың емдеу мекемелерінің міндетті медициналық сақтандыру енгізілген уақыт аралығындағы қызмет нәтижелері, сондай-ақ оқушылардың денсаулығын қорғау мәселелері талқыланды. «Сәтбаев қаласы білім бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы А.Р.Танабаева, Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Жезқазған аймағы бойынша басшысы Л.Н. Ранова, «Сәтбаев қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы Н.Ж.Жолдыбаев, қалалық мәслихат хатшысы Т.И. Хмиярчук қатысушыларға ақпарат берді. Міндетті мемлекеттік сақтандыру аясында қалада тоғыз мекеме халыққа медициналық қызмет көрсетеді, барлық мектептерде медициналық кабинеттер жұмыс істейді. Медициналық қызмет көрсету мәселесі жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауына алынған. Депутаттар жиын соңында көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар қамтылған қаулылар қабылдады. Көпшілік тыңдауларға қоғам, БАҚ өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, жалпы білім беру мектептептерінің басшылары мен медбикелері қатысты.

 

Оқылды: 244 рет