Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз болып саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан гимнiнiң музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнiнiң музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимнiнiң музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдалды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнiн бекітті.
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Елімізде тіркелген коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 16...
Жақында «Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасының...
Саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына Сәтбаев қалалық мәслихатының учаскелік сайлау...
Саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына Сәтбаев қалалық мәслихатының округтік және учаскелік...
Хабарландыру! Көпшілік тыңдау! Сәтбаев қалалық мәслихатының әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік...
ХАБАРЛАНДЫРУ «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №...
ҮЛГІ Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттың ӨМІРБАЯН ДЕРЕКТЕРІ 1....
ҮЛГІ (өзін-өзі ұсынған жағдайда) Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы Т.И.Хмилярчук _________________________________ (аты-жөні) _________________________________ (тұрғылықты мекен-жайы) ӨТІНІШ Қазақстан...
ҮЛГІ Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы Т.И.Хмилярчук Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін...
Жұмыс тобын құру мәселесі жөніндегі отырыс туралы хабарлама «Қоғамдық кеңестер туралы»...